Полиция таратқан мәліметке сәйкес, алаяқтар көбіне адамдардың сеніміне кіріп, жеке мәліметтерін алудың түрлі айла-тәсілдерін қолданады.
Төменде кибералаяқтықтан сақтануға көмектесетін кеңестер берілген:
- SMS арқылы келген кодтарды, банк картасының CVV және PIN-кодын, онлайн-банкинг логині мен паролін ешкімге жария етпеңіз;
- Белгісіз немесе күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;
- Бейтаныс нөмірлерден қоңырау түссе, оларға қайта хабарласудан аулақ болыңыз;
- Банк, «Қазпошта» және өзге де ресми ұйымдар ешқашан телефон арқылы ақша аударуды немесе жеке деректерді сұрамайды;
- Егер сізге айтылған ақпарат күдік тудырса, әңгімені дереу тоқтатып, ұйымның ресми байланыс орталығына хабарласыңыз.
- Егер сіз алаяқтардың арбауына түсіп қалсаңыз немесе осындай әрекетке тап болсаңыз, дереу полицияға немесе «102» нөміріне хабарласыңыз, - делінген ақпаратта.
Құқық қорғау органдары киберқауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға және бөгде адамдарға жеке мәліметтерді бермеуге шақырады.
Айта кетейік, Атырауда жыл басынан бері киберқылмысқа байланысты 50-ге жуық күдікті ұсталды.