Жекелеген санаттар үшін қанша грант бөлінді – БҒМ

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігі абитуриенттердің жекелеген санаттарына қанша грант бөлінетінін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Білімжәне ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова білім беру гранттарын бөлуде жекелегенсанаттар үшін арнайы гранттар бөлінетінін хабарлады.

«Квотағақұқығы бар абитуриенттер арасында ата-анасыз қалған 521 бала, І және ІІ топтағымүгедектігі бар 377 бала, соғыс ардагерлеріне теңестірілгендердің балалары – 15және ҚР азаматы болып саналмайтын қазақ ұлтының балалары – 872», - деді Ф.Жақыпова Білім беру гранттарын бөлу туралы ҚР БҒМ республикалық оырысында.

Ведомствоныңхабарлауынша, көпбалалы отбасылардан шыққан адамдар мен атаулы әлеуметтік көмекалушылар үшін қосымша 5 мың грант негізгі конкурстан кейін беріледі.

Бұғандейін хабарланғандай, 2019-2020 оқу жылына 53 785 грант бөлінді. Конкурсқа 64 452 талапкер қатысуда, оныңішінде 52 337 адам қазақ тілі бөліміне, 11 757 – орыс бөліміне, 87 – ағылшынтілінде білім алғысы келеді.

Соңғы жаңалықтар