Жексенбіде Атырау қаласында ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM - «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.

Фото: Pixabay

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 22 қыркүйек, жексенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Атырау қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.