Жексенбіде кей аймақтарда жел күшейіп, үсік жүреді – Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» 2026 жылғы 18 мамырға арналған Қазақстан аумағындағы ауа райы болжамын жариялады.

Фото: Kazinform

Синоптиктердің мәліметі бойынша, дүйсенбі күні елдің батысы, солтүстік-батысы, шығысы, оңтүстігі және оңтүстік-шығығында найзағаймен бірге жаңбыр жауады. Маңғыстау облысында қатты жаңбыр мен бұршақ түседі, ал Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар жаууы ықтимал.

Қазақстанның қалған аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстік, батыс, солтүстік-батыс және орталық өңірлерде шаңды дауыл соғады. Оңтүстік пен оңтүстік-батыста екпінді жел соғуы мүмкін. Солтүстік, шығыс және оңтүстік-батыс аймақтарда тұман түседі.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді. Абай облысының батысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен оңтүстік-батысы, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысы, Ақтөбе облысының шығысы, Қостанай облысының орталығы, Ақмола облысының солтүстік, оңтүстік және орталық бөліктері, Солтүстік Қазақстан облысының шығысы, Павлодар облысының батысы, шығысы және оңтүстігі, Қарағанды облысының батысы мен солтүстігі, Түркістан облысы, Қызылорда облысының орталығы, Жамбыл облысының батысы, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының орталығы, Ұлытау облысы және Абай облысының шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Сонымен қатар, Қызылорда облысында, Ақтөбе мен Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Павлодар облысының шығысында, Жетісу облысының оңтүстік-шығысында және Ұлытау облысының орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Еске салсақ, осыған дейін 18 мамырда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын жазған едік.