Тәртіп сақшылары ауыр қылмыстардың мән-жайын анықтап қана қоймай, түрлі оқиғаларға тап болып, ерекше кейіпкерлермен кездесуге тура келеді.
Осы орайда елорда полицейлері 2022 жылы болған түрлі жағдайлардың бейне жазбасын жинақтады.
1. Әсерлі видео үшін жас жігіттер автокөліктің капотында трюк жасап, оны әлеуметтік желіге жариялады. Барлығы жауапқа тартылды;
2.Астана қаласының ЖБО-ның бейнежазбасында түнгі пранкерлер автокөліктің жүксалғышына адамды тиеген сәті Астана қаласы ПД Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына түсіп қалған;
3. 22 жастағы елорда тұрғынының мас күйінде жасаған сальтосы жол-көлік оқиғасымен аяқталды. Жас жігіт 7 күнге қамауға алынды;
4.Ауыр зардаптарға әкелмеген жолдағы кейбір қақтығыстар полицейлердің жүзінде күлкі ұялатады;
5. Ерекше ұрлық сәті бейнекамераға түсіп қалған. Тәртіп сақшылары бейнежазба болмаса, ер адамның бес қойдың тұтас етін алып жүре алғанын дәлелдей алмас еді.