Желіде Брюс Лидің аралас жекпе-жектен жалғыз айқасының видеосы жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Youtube-тегі Bruce Lee Central арнасында шығыс жекпе-жегінің хас шебері, көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған актер әрі режиссер Брюс Лидің аралас жекпе-жектен жалғыз  айқасының видеосы жарияланды.

Онда рингке Лидің қарсыласы болып қазіргі таңда АҚШ-та шығыс жекпе-жегінен сабақ беретін оның шәкірті Тэд Вонг шықты.

Кадрлар Брюс Ли негізін қалаған Калифорниядағы жауынгерлік өнер мектебінде түсірілген. Небәрі екі күннің ішінде ролик жеті миллион рет қаралған.