Татарстан денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы Альметев қаласынан шыққан бағытта сағат 00:37-де (астана уақытымен 03:37) болған. Апат салдарынан 13 адам қаза тапты, олардың қатарында екі бала бар. Тағы 15 адам зардап шеккен, олардың ауыр халдегі төртеуі ауруханаға жеткізілді.
13:32, 02 Шілде 2017
Желіде Татарстандағы 13 адам ажал құшқан сұмдық апаттың видеосы пайда болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Татарстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Заинск қаласының маңында болған жолаушылар автобусы мен бензин тасымалдаушы көлік соқтығысқан жантүршігерлік апаттың видеосын жариялады.