Жемқорлығы үшін сотталған БҚО әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Ержан Балтаев апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Е.Балтаевтың адвокаты Тамара Сәрсеновадан шағым түскен.
«Аталған іс апелляциялық сот сатысында қаралатын болады. Сот талқысы әзірге тағайындалған жоқ», - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО әкімінің бірінші орынбасары Ержан Балтаевтың қызметінен кеткенін жазған болатынбыз.
Кейін ол қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін сот үкімімен айыпты деп танылып, 8,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сонымен қатар Е.Балтаев мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).