Жарыстың алғашқы күні бір медаль жиынтығы сарапқа салынды, деп хабарлайды dodasport.kz .
10,000 метр қашықтықта жүгіруде бірнеше дүркін Олимпиада чемпионы, британдық Мо Фара жеңіске жетті. Ол қашықтықты 26 минут, 49,51 секундта жүгіріп өтті. Бұл британдық желаяқ үшін әлем чемпионатының алтыншы алтыны.
Күміс жүлдені Угандалық Джошуа Чептеген иеленді. Джошуа жеңімпаздан бар болғаны ,043 секундқа қалып қойды. Үздік үштікті 1,09 айырмасымен кениялық желаяқ Пол Тануи түйіндеді.