Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы XX Жазғы Азия ойындары мен V Азия параойындарында ел намысын қорғаған спортшылар мен жаттықтырушыларды салтанатты түрде құттықтады. Іс-шара барысында Азиадада халық ықыласына бөленген, спорттық жүрістен марафон қашықтығында өнер көрсеткен Ясмина Тоқсанбаеваға федерация мен демеушілер атынан бір бөлмелі пәтердің кілті берілді.
— Ішімдегі қуаныш пен толқынысты сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес! Өз елімнің және федерацияның осылай бағалағанына шексіз қуаныштымын! Бүгінгі айтулы күнге үлес қосқандардың бәріне алғыс білдіремін! Бұл мені одан әрі дамып, алға жылжуға жігерлендіреді, — деп жазды спортшы әлеуметтік желіде.
Еске салайық, отандасымыз Айчи-Нагоя қаласында өткен Азия ойындарының жеңімпазы атанған болатын. Ол жеңіл атлетикадан әйелдер арасында спорттық жүрістен марафон қашықтығын 3 сағат 22 минут 20 секунда бағындырып, мәреге бірінші болып жеткен.
Алайда кейін оның марафондық спорттық жүрістен көрсеткен нәтижесі жойылды. Оған спортшының аяқ киімі жарыста бекітілген тізімге сәйкес келмеуі себеп болды.
Кеше Ақордада Президент Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады.
Салтанатты рәсімнен кейін Ясмина Тоқсанбаева Азиададан кейінгі өмірі туралы айтып берді.