Қазақстанның тоғызыншы алтыны: Ясмина Тоқсанбаева Азиада чемпионы атанды

НАГОЯ.KAZINFORM — Қазақстандық спортшы Ясмина Тоқсанбанва Жапонияның Айчи-Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды.

Ясмина Тоөсанбанва жеңіл атлетикадан Азиада чемпионы атанды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Отандасымыз жеңіл атлетикадан әйелдер арасында спорттық жүрістен марафон қашықтықты 3 сағат 22 минут 20 секунда бағындырып, мәреге бірінші болып жетті.
Қытайлық спортшылар үздік үштікті түйіндеді.

Ясмина Тоқсанбаева
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Айта кетерлігі, бұл Қазақстан құрамасының осы Азия ойындарындағы тоғызыншы алтын жүлдесі.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан құрамасы жетінші жарыс күнінде бес қола медаль жеңіп алды.

Сонымен қатар, Қазақстандық спортшы Альфия Тілекқабыл пара дзюдодан әлем чемпионы атанды.