Жер бетінде ең жылдам жүру рекорды 1600 км/с-ға жеткізіледі (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы қазанда Bloodhound SSC зымыран көлік жобасының командасы жер бетіндегі жылдамдық рекордын жаңартуды көздеп отыр.

7,5 тонна көлікті 55 секунд ішінде турбо ебелекті (вентилятор) және гибрилді зымыран қозғалтқыш көмегімен сағатына 1600 шақырым жылдамдыққа жеткізбек, деп жазады N 1. 

Қозғалтқыштың қуаты - 135 000 аттың күшіне тең. Сағатына 1600 шақырым жылдамдықпен жүйіткіген болидті тоқтату үшін шамамен 65 секунд жеткілікті. Оның алғашқы сынағы 2017 жылы маусым аына жоспарланған. Тестілік жүру барысында жылдамдық баяулау болмақ, шамамен - 354 км/с. Осындай резімде ұйымдастырушылар оның борт камерасының жұмысын тексереді.
Кейінірек Bloodhound SSC көлігін рекорд жүріс сынағы өткізілетін Калахари шөліне жеткізеді.


Зымыран көлікті басқару британдық әскери-әуе күштерінің ұшқышы Энди Гринге сеніп тапсырылады. Ол 1997 жылы Thrust SSC көлігімен қазіргі 1228 км/с рекордты орнатқан. Ол дыбыс жылдамдығын еңсергені ресми тіркелген жалғыз әрі тұңғыш болид болып отыр.