Еуропалық Copernicus климаттың өзгеруін бақылау қызметінің алдын ала деректеріне сәйкес, бұл көрсеткіш 2023 жылғы 17 және 18 қарашада тіркелген 2,05 градустық алдыңғы рекордтан асып түсті.
Соңғы үш жылда планетадағы орташа тәуліктік температура индустрияға дейінгі кезеңдегі деңгейден 2 градустан астам жоғарылаған 11 жағдай тіркелді. Ал 2023 жылғы қарашаға дейін мұндай жағдайлар болмаған.
Америкалық климатолог Зик Хаусфатер алдағы күндері температуралық ауытқу 2,3 градусқа дейін жетуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.
Ғалымдар температураның көтерілуін негізінен көмір, мұнай және табиғи газды жағу кезінде пайда болатын парниктік газдардың шығарылуымен байланыстырады. Бұған қоса, Эль-Ниньо табиғи құбылысы да жаһандық жылынуды күшейтіп, әлемнің әртүрлі аймақтарында құрғақшылық пен су тасқыны қаупін арттырады.
Климатологтардың болжамынша, температураның 2 градустық межеден асуы 2027 жылғы наурызға дейін жалғасуы мүмкін.
Сонымен қатар мамандар тәуліктік температура рекордтарының жаңаруы Париж келісімінде белгіленген ұзақ мерзімді климаттық мақсаттардың бұзылғанын білдірмейтінін атап өтті.
XIX ғасырдан бері Жер шарының орташа температурасы шамамен 1,3 градус Цельсийге көтерілген.
Айта кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым осы жылғы жаһандық климаттың жай-күйі туралы жаңартылған деректерді жариялаған еді.