Жамбыл облысының аумағында болған жер сілкінісі туралы келіп түскен ақпаратқа байланысты жолшылар ықтималды әсер ету аймағындағы инфрақұрылымның жай-күйін шұғыл тексеріп шықты.
— Меркі және Тұрар Рысқұлов аудандарындағы 5 жол айрығы, 2 теміржол өтпесі мен 3 көпір егжей-тегжейлі тексеріліп, көлік қозғалысының қауіпсіздігіне көз жеткізілді, — делінген хабарламада.
Айта кетелік Жамбыл облысындағы жер сілкінісі болып, Тұрар Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылындағы мәдениет үйі, Меркі аудандық ауруханасы, Ойтал ауылындағы мектеп ғимаратының қабырғасында жарықшақ пайда болғаны анықталған еді.
Сондай-ақ облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес облыстық жедел штаб жұмыс істеп жатыр.