Жиында өңірлердегі жағдай талқыланды.
— ҚР ТЖМ күштері мен құралдары оқыс жағдайға толық дайын. Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. ТЖМ мониторингті жалғастырып, өңірлермен тұрақты байланыс орнатты. Азаматтардан сабыр сақтауды және ресми ақпарат көздерінен хабардар болуды сұраймыз, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін еліміздің оңтүстік аймағында жер сілкінісі тіркелгені туралы жаздық.
Осыған байланысты жедел штаб құрылды.
Сондай-ақ Қырғызстанда болған жер сілкінісі Өзбекстанның 5 өңірінде сезілді.