Еске сала кетсек, Обама Вьетнамға Азияға сапары кезінде барған еді.
Шынтуайтына келгенде, Обама мен Бурденнің ханойлық мейрамханадағы кешкі асы аяқ астынан болмаған-ды. Олардың әңгімесі CNN Parts Unknown-де Бурденнің қыркүйектегі хабарынан көрсетіледі.
Мейрамхананың сыртында Обаманы көру үшін 500- ге жуық адам жиналды, деп жазады вьетнамдық VnExpress газеті.
Президент мейрамханадан шыққан кезінде ол өзін ұялы телефондарымен фотоға түсірген жергілікті тұрғындармен қол беріп, амандасты. Олардың көпшілігі президенттің осындай қарапайым мейрамханада кешкі ас ішкендігіне сенген де жоқ.