"Қазiргi күнi Елбасының тапсырмасы бойынша жергiлiктi полиция құру мәселесi Ұлттық комиссияда қаралып жатыр, аяқталуға жақын. Бұл мәселенi бiрден шешу мүмкiн емес, бiрақ ол бiздiң қолымыздан келедi. Ол елiмiздiң ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуді қозғайды", - дедi министр.
Оның айтуынша, ең маңыздысы - полицияны реформалау барысында құқықтық тәртiптi босаңсытып алмау.
"Бiз шет мемлекеттердiң тәжiрибесiн өте мұқият зерделедiк, жағдайлар әр елде әртүрлi. Көбiне, жағдай әр елдiң мемлекеттiк құрылымына, басқару қағидаттары мен жүйелерiне байланысты. Алда болатын реформалар туралы талқылаулар аяқталды. Қазiр оны iске асырудың әрбiр шарасы нақты пысықталуда. Әрине, жергiлiктi полицияның қазақстандық үлгiсi құрылады деп сенемiз", - дедi Қ. Қасымов.