Жергілікті полиция мен халық арасында кері байланыс орнамай тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жергілікті полиция мен халық арасында кері байланыс орнамай тұр. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі жергілікті полиция қызметі тақырыбына арналған Үкімет сағатында қосымша баяндама жасаған депутат Нұрлан Әбдіров осылай мәлім етті.

Депутаттың пікірінше, жергілікті полиция қызметінің ерекшелігі оның халықпен тығыз жұмыс жасауында болып табылады. Өйткені, тәртіп, тыныштық пен құқық бұзуға қарсы күрестің сан саласы жергілікті полиция қызметінің аясына кіреді.

«Әрине, жергілікті полиция бір өзі мұндай ауқымды мәселелерді шеше алмайтыны белгілі. Осының бәрін халық түсініп, кез келген қылмысқа төзімсіздік танытулары керек, жергілікті полицияға көмектер беруі керек. Өйткені, жергілікті полиция бұл - халықтық полиция. Сондықтан да, бұл мәселеде жергілікті атқарушы органдар мен қоғамның өзінің күш жігерін біріктіру керек», - деді депутат Н. Әбдіров.