«Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі жыл сайын 20 млрд. теңге деңгейінде тұрақты өсімді көрсетіп отыр. 2015 жылдың қорытындысы бойынша оның көлемі 345 млрд. теңгені құрады. Жергілікті өнім облыс аумағындағы жеміс-көкөніске деген сұранысты толықтай қамтамасыз етіп отыр және республиканың елеулі бөлігіне де өнім шығарылуда»,-деді облыс әкімі.
ОҚО мақта өсіріп отырған жалғыз өңір екеніне тоқталған ол: «773 мың гектар егіс көлемінің ішінде суармалы жерлердің аумағы 440 мың гектарға жетті. Облыс бойынша өткен жылы 115 гектар жерге жылыжай салынып, жалпы жылыжайлардың жалпы ауданы 1 025 гектарға жетті. Осы орайда республикадағы жылыжайлардың 87 пайызы ОҚО үлесінде екенін атап өткен жөн», - деді Атамқұлов.