Компания өкілдерінің айтуынша, кәсіпорын 1981 жылы салынған. Оның негізгі жабдықтары 61,5 пайызға дейін тозып кеткен. Биыл электр станциясының негізгі және қосалқы жабдықтарына жөндеу жұмыстары жүргізіліпті.
Сенаторлар Мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере отырып, еліміздің бірқатар жылу электр станцияларында болған ауыр апаттарды және жылу беру маусымында авариялық жағдайлар мен техникалық ақауларды алдын алудың маңыздылығына ЖЭО басшылығының ерекше назарын аударды.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша энергия өндіруші компанияларға ауқымды технологиялық сараптама жүргізілді және шаралар жоспары белгіленді. Алдағы уақытта электр станциялары басшыларының жауапкершілігін арттыру мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу қарастырылатын болады», - деді Айгүл Қапбарова.