ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясының мәліметінше, жоба аясында 36,7 шақырым аумақта асфальтбетон жабыны жонылған.
Сонымен қатар 35,8 шақырым жолға ірі түйіршікті асфальтбетон қоспасынан төменгі қабат төселді.
Нысанда қазіргі уақытта 23 бірлік арнайы техника мен 48 маман жұмыс істеп жатыр.
«Жөндеу жұмыстары бекітілген өндірістік жоспарға сәйкес жүргізілуде», – деп хабарлады жауапты мекеме.
Аталған жоба жол жабынының сапасын жақсартуға, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға және көлік қатынасының қолайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Айта кетейік, Ақмола облысында 65 шақырым жол жөнделіп жатыр.