ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Тұрғындар өлі қасқырды жол жиегінен тауып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлеуметтік желіде Жетісай қаласының маңындағы жолда қасқырдың өлі денесінің жатқаны туралы видео тарады.
Куәгерлердің айтуынша түз тағысын көлік қағып кеткен болуы мүмкін.
Видеоға түсірушілер қасқырдың қасына барып, таяқпен аузын ашып көреді. Көзін түрткілейді.
Сондай-ақ, қызық үшін көлігімен тоқтап, суретке түсіріп жатқандарда бар.
Ал, Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі аудан бойынша ешқандай төрт түлікке жыртқыш аң шапқаны немесе басқа да оқыс оқиғалар тіркелмегендігін айтты.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.