Жетісу облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
21:04, 02 Наурыз 2026
АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты бір облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
– 2 наурыз сағат 21:15-те ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Алматы – Талдыкорған – Өскемен – Шемонаиха –ҚР шекарасы» автожолының 213-234 шақырым аралығында (Мұқры өткелі – Жамбыл ауылы) жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, жолды 2026 жылы 03 наурыз сағат 00:00-де ашу жоспарланып отыр.
Бұдан бұрын ауа райына байланысты 4 облыста жол қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлағанбыз.