Ауа райына байланысты 4 облыста жол қозғалысына шектеу қойылды
АСТАНА. KAZINFORM – 2 наурыз күні сағат 19:00-дегі жағдай бойынша ауа райының бұзылуына байланысты төрт облыстағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.
Ақмола облысы
– «Көкшетау – Атбасар» автожолының 105-184 шақырым аралығы (Балкашин ауылы – Атбасар қаласы).
Жетісу облысы
– «Үшарал – Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығы (Көктұма ауылы – Достық станциясы).
Абай облысы
– «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 778-1013 шақырым аралығы (Аягөз қаласы – Шығыс Қазақстан облысы шекарасы).
Шығыс Қазақстан облысы
– «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1013-1062 шақырым аралығы (Абай облысы шекарасы – Рубеж бекеті).
Аталған учаскелерде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді. Жолдарды 3 наурыз күні сағат 09:00-де ашу жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта республикалық жолдарды күтіп-ұстау жұмыстарына 854 арнайы техника жұмылдырылған.
Қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығына хабарласып білуге болады.
Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысында «Көкшетау – Атбасар» жолы уақытша жабылады.