Жетісу облысында 4 балдық жер сілкінісі тіркелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 26 тамыз күні 1 сағат 57 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 358 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Картамен қарағанда бұл аймақ Жетісу облысына кіреді.

Жер дүмпуінің энергетикалық класы -9.5. магнитудасы - 4.1. MPV, бағыты 42.83° с.е. 79.54° ш.б.

Тереңдігі - 10 км.

МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.


Фото: cnbcfm.com