«Полицейлер Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті қызметкерлерінің көмегімен жергілікті кәсіпкерді қорқытып, ақша талап еткен екі күдіктіні ұстады. Ұсталғандардан 500 мың теңге тәркіленді, бұл ақшаны жәбірленушіден қорқытып алған.
«Күдіктілерді ұстау Алматы – Өскемен трассасының жол бойындағы дәмханалардың бірінде жүргізілді. Олардың бірі Алматының бұрын сотталған 53 жастағы тұрғыны, екіншісі Алакөл ауданының 35 жастағы тұрғыны.
Қазіргі уақытта екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады Жетісу облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасынан.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігіне (қорқытып алу) сәйкес жүргізіліп жатыр.
Бүгін сондай-ақ Ақтөбе облысында кәсіпкерлерді бопсалап келген қылмыстық топ ұсталғаны хабарланды.