Ақтөбе облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

None
Видеодан алынған кадр
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында бопсалаумен айналысып келген қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлеріне облыс аумағында қылмыстық топ бопсалаумен айналысатыны туралы ақпарат түскен. Анықталғандай, олар кәсіпкерден қомақты сома бопсалаған, сондай-ақ «Тойота Камри» автокөлігін өз аттарына аударуды талап еткен.

«Биылғы 16 мамырда жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері Ақтөбе облысының төрт тұрғынын ұстады.

Ұсталғандардан патрондары бар 2 травматикалық тапанша мен пышақ тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 3-бөлігі (»бопсалау«) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандар қамауға алынды», - делінген полиция мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар