Күн райының күрт бұзылуына байланысты «ҚазАвтоЖол» және жергілікті жол полиция қызметкерлері 2024 жылдың 15 желтоқсаны сағат 20:30–дан бастап ауа-райының
нашарлауына (қар, бұрқасын боран, көріну шектелуі) байланысты барлық көлік түрлері үшін Республикалық маңызы бар «Сарыөзек-Коктал» автомобиль жолының (40-68 км, Алтынемел асуы) жабылғанын мәлімдеді.
Полиция департаменті жолда мұқият болуды, жол және метеорологиялық жағдайларды ескере отырып, қауіпсіз қашыктық пен белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауды ұсынады.
Алыс қашықтыққа сапарға шығуды жоспарлаған кезде көліктің техникалық жағдайына ерекше назар аудару қажеттігін ескертеді. Еске салайық осыған дейін Жетісу облысында қар құрсауында қалған 8 адамның құтқарылғанын жазғанбыз.