— 2026 жылғы 9 ақпан сағат 04:30–да ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 124-234 шақырым аралығындағы учаскесінде (Алматы облысы шекарасынан Жамбыл ауылына дейін) көліктің барлық түрлеріне шектеу қойылады.
Жолды 2026 жылғы 9 ақпан сағат 08:00–де ашу жоспарланған.
Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Бұған дейін «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының Қаншеңгел ауылынан Ақсай ауылына дейінгі аралықта барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілген болатын.