Жетісу облысында ауа райына байланысты жол жабылды
21:33, 11 Ақпан 2026
ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM – Жетісу облысында ауа райының бұзылуына байланысты автожолдың бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды.
– 12 ақпанда сағат 21:20-да «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» республикалық маңызы бар автожолының 173-234 шақырым аралығындағы учаскесінде – Сарыөзек ауылынан Жамбыл ауылына дейін жүк және қоғамдық көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп жазды ҚазАвтоЖолдан.
Жолды 2026 жылғы 12 ақпанда сағат 01:00-де ашу жоспарланып отыр.
Қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығына хабарласып алуға болады.
Айта кетейік, бұған дейін ауа райының бұзылуына байланысты тағы екі облыста жол жабылғаны хабарланған болатын.