Жетісу облысында теміржол инфрақұрылымы нысаны мемлекетке қайтарылды

Фото: ҚТЖ

АСТАНА. KAZINFORM – Бас әскери прокуратура теміржол инфрақұрылымы нысаны мемлекет меншігіне қайтарылғанын мәлімдеді.

Сарыөзек гарнизонының әскери прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде жер комиссиясының шешімі және жер қатынастары жөніндегі жергілікті органмен жасалған сатып алу-сату шарты негізінде әскери бөлімдердің бірінің теміржолға баратын тармағының бір бөлігін коммерциялық құрылымның меншігіне заңсыз беру фактісі анықталды.

Қадағалау актісі негізінде әскери бөлім Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына аталған шешім мен шартты заңсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінді.

Сотпен талап арыз қанағаттандырылды, құны 75 млн теңгеден асатын кірме жол қорғаныс ведомствосының меншігіне қайтарылды.

- Әскери прокуратура органдары әскери нысандардың сақталуын және оларды тиісті пайдалануын қамтамасыз ету жөніндегі қадағалау шараларының іске асуын одан әрі жалғастырады, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2 млн га пайдаланылмаған жер мерзімінен бұрын мемлекет меншігіне қайтарылды.