Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан шекарасында Жетісу облысында орналасқан.
Сезілетіндігінің есептік қарқындылығы (баллмен) :
Капал-Арасан б.– 2 б.
Ведомство хабарлағандай, зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.
ТЖМ жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадамды еске салды:
1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда);
- көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
Бұған дейін 25 мамырда Жамбыл облысында 2-3 балдық жер сілкінісі тіркелгенін жаздық.