АСТАНА. KAZINFORM – Геофизикалық зерттеулер институты РМК жедел деректеріне сәйкес 24 шілдеде Астана уақытымен сағат 08:47-де Үшарал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 27 км аумақта жер сілкінісі болды.
Эпицентрдің координаттары: 46.02 градус солтүстік ендік, 81.24 градус шығыс бойлық.
Магнитудасы mb=3,7.
Энергетикалық класс К = 8.5.
Сезілу туралы ақпарат жоқ.
Сейсмологтер Алматыдан 379 км қашықтықта жер сілкінісін тіркегенін жазған болатынбыз.
Қазақстандық сейсмологтер Ауғанстан аумағында жер сілкінісін тіркеді.
Эльмира Оралбаева
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. 2023 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.