Жетісу облысында жүк көлігімен соқтығысқан жеңіл көлік жүргізушісі қаза тапты
АСТАНА. KAZINFORM — Жетісу облысында жол апаты салдарынан бір адам қаза тапты. Changan CS35 көлігінің жүргізушісі Shacman жүк көлігімен соқтығысып, оқиға орнында көз жұмды.
Видеодан алынған кадр
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты «Талдықорған — Үштөбе» автожолының 20-шақырымында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, Changan CS35 жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Shacman жүк көлігімен соқтығысқан.
Видеодан алынған кадр
Жол апатынан жеңіл көлік жүргізушісі өміріне қауіп төндіретін ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.
Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.
Еске салайық, бұған дейін 18 қарашада Ақмола облысының тасжолдарында үш жол апаты болып, алты адам қаза тапқанын хабарлаған едік.
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.