АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Қазақстан чемпионатының 5-турында соңғы матчта «Жетісу» (Талдықорған) өз алаңында Қарағандының «Шахтер» командасын қабылдады.
Талдықорғандықтар ойын тізгінін бірден қолына алып, басымдыққа ие болды.
Бірінші таймның соңғы минутында команда капитаны Серікжан Мужиков 11 метрлік айып добын дәл орындады — 1:0.
Екінші кезеңде қарағандылықтар есепті өзгертуге тырысқанымен, одан ештеңе шыққан жоқ.
Бес турдан кейін 7 ұпай жинаған «Жетісу» 8-орынға көтерілді.
Небәрі үш ұпайы бар «Шахтер» 12-сатыда, қауіпті аймақта қалды.
Алтыншы тур ойындары 27-28 сәуірде өтеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын футболдан ел чемпионатында «Қайратты» ұтқан «Ақтөбенің» көш басына шыққанын жазған болатынбыз.
Бүгін «Астана» мен «Тобыл» командалары тең тарқасты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).