Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, биыл 10 айда алаяқтық ісімен 341 факті тіркелген.
Әккі алаяқтардың қылмысын әшкерелеу да оңайға түспей тұр. Полицейлер биыл тіркелген 341 қылмыстың 18%-ын ғана ашқан.
Дегенмен, департамент мамандары алаяқтық қылмысына қатысты күресті күшейткенін айтады. Қазақстанның ірі қалаларымен қатар, көрші елдерден де бірнеше күдікті ұсталған.
— Олар Telegram арнасында криптовалютаға арналған шоттарды сатуға арналған жарнаманы тауып Tokaev obnal, Starline, Joker obnal, «Джордж Оливер» телеграм каналдарымен жұмыс істеген. Жоғарыда аталған тұлғалардың әрбірі телефонына (атына 7 банктік өтінімді жүктеп алған) түскен соманың 20%-ын, яғни есепшоттар арқылы күніне орташа есеппен 4 млн теңге алып отырған, — деді Жетісу облысы ПД КПБ аға жедел уәкілі, полиция капитаны Ернат Серікханұлы.
Құзырлы орган өкілдері киберқылмыс, оның ішінде телефон және интернет-алаяқтарының қулығына құрық бойламай тұрғанын ескертеді. Халықты сақ болуға шақырады.
Еске салайық, бұған дейін ауызбастырық үшін пәтер талап еткен жетісулық азаматтың сотталғанын жазғанбыз.