Жетісуда 47 елді мекенді су басу қауіп бар

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM- Өңірде 47 елді мекенді су басу қаупі бар. Бұл туралы Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді. 

Фото: Жетісу облысы ТЖД

Жетісу облыстық ТЖ департаментінің мәліметінше, су басу қаупі жоғары тәуекеліне Алакөл, Ескелді, Кербұлақ және Көксу аудандары, ал орташа тәуекелге Панфилов, Сарқан аудандары, төменгі тәуекелге Талдықорған, Қаратал, Ақсу аудандары жатады. Ал өңір аумағындағы өзен-көлдердің жағдайы тұрақты.

Фото: Жетісу облысы ТЖД
Фото: Жетісу облысы ТЖД

- 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне арнайы жоспарлар бекітіліп, 10 елді мекенде қауіп барынша төмендетілді (Абай, Ешкөлмес, Архарлы, Бескөл, Көктума, Қопа, Үштөбе (Қаратал-саяжай), Көктал-Арасан, Қаратал, Мұсабек). 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында, өткен жылы 17 шақырым су бұру арналарын орнату және тазарту, 400 метр қорғаныс бөгендерін орнату және жөндеу, 4,7 шақырым өзендер мен каналдар арналарын механикалық тазарту, 10,6 шақырым өзен арналарын түбін тереңдету, түзету және жағалауларын нығайту жұмыстары істелді, - деді Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаменті. 

Фото: Жетісу облысы ТЖД
Фото: Жетісу облысы ТЖД

Департамент мамандары 43 елді мекенде су басу қаупі азайтылды, қалған 4 елді мекенде жұмыс жалғасып жатыр деп есеп берді. Жалпы, облыс бойынша қар жамылғысының қалыңдығы 4-72 сантиметр. Биыл Алакөл ауданындағы Лепсинск және Кербұлақтағы Қоғалы ауылына қар мол жауған. Ал жер тоң болып қатқан.

Фото: Жетісу облысы ТЖД

Алакөлдегі Ақжар ауылында топырақтың беткі қабаты 1 метр тереңдікке дейін қатып жатыр. Ақпан айының ауа райы болжамына сәйкес, екінші онкүндікте ауа температурасы күндіз 15 градусқа дейін, түнде 5 градусқа дейін жағарылауы мүмкін. Мамандар күннің күрт жылынуына байланысты ақпан айының соңы мен сәуір айының басын қауіпті кезеңге жатқызып отыр. 

Фото: Жетісу облысы ТЖД
Фото: Жетісу облысы ТЖД

Еске салайық осыған дейін Жетісуда эвакуациялық пункттерді анықтайтын QR-тақтайшалар ілінгенін жазғанбыз.