Жетісу облысының полицейлері Қазақстан аумағында бірқатар алаяқтыққа қатысы бар 23 жастағы Алматы қаласының тұрғынын ұстады. Тінту барысында күдіктіден iPhone 16 Pro телефоны, BMW X7 автокөлігі және шетелдік байланыс операторларына тиесілі төрт SIM-карта тәркіленді.
Тергеу мәліметінше, күдікті OLX платформасында жалған хабарландырулар орналастырып, азаматтарға банк арқылы тауар сатып алу үшін ақшаны бөліп төлеу тәсілін ұсынған. Алаяқтық жолмен сенімге кіріп, кейін дропперлер мен дроптарды тартып, заңсыз жолмен алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып отырған.
Қазір бұл іспен Жетісу облысы полиция департаментінің тәжірибелі мамандары айналысып жатыр. Облыс аумағында төрт жәбірленуші анықталған, бірақ тергеу жұмыстары жалғасып жатыр, алданғандар саны еліміздің басқа өңірлерінде де болуы мүмкін.
Жетісу облысында интернет-алаяқтықпен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды.