Жетісудағы өз әйелін өлтіру ісі сотқа жіберілді
21:27, 17 Қараша 2025
АСТАНА.KAZINFORM - Ақсу ауданының Баласаз ауылында әйелдің қатыгездікпен өлтірілуіне қатысты қылмыстық іс Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотына жолданды. Іс ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі («Кісі өлтіру») бойынша қозғалды, деп хабарлайды Kazinform.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, қайғылы оқиға маусымның 21-інен 22-сіне қараған түні болған.
Тергеушілердің айтуынша, ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындап, нәтижесінде ер адам әйелін аяусыз соққыға жыққан. Айзат Маратқызы алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Зардап шегушінің туыстары мәйіт сот-медициналық сараптамасыз алынғанын айтып, жан-жақты және объективті тергеуді талап етті.
Жетісу облысындағы әйелдің өліміне қатысты іс ерекше бақылауға алынды.