Жезқазған — Петропавл автожолында болған жол апатынан екі адам қаза тапты

Фото: Дарья Аверченко/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Жезқазған — Петропавл автожолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тапты.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 7 ақпанда «Жезқазған — Петропавл» автожолында болған. Shacman маркалы жүк көлігі мен Toyota Camry жеңіл автокөлігі соқтығысқан.

Апат салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы көз жұмды.

Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция департаменті жолдағы қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, жол жағдайын ескеру және көліктердің техникалық жағдайын бақылау қажет екенін еске салды.

Бұған дейін Алматыда жаппай жол апаты болып, оның салдарынан бір жүргізуші көлік тізгінінде қайтыс болғаны хабарланған еді.

Ал ауа райының қолайсыздығына байланысты екі облысыта жол жабылған еді.