Бұл жерлер ұзақ уақыт игерілмей, мақсатына сай пайдаланылмады.
«Егер құрылысқа арналған жер учаскесi оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жыл (егер жобалау-сметалық құжаттамада анағұрлым ұзақ мерзім көзделмесе) ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке тұрғын үй құрылысы үшін жеке меншігіндегі жер учаскесін қоспағанда, жер учаскесі мәжбүрлеп алып қоюға жатады», - делінген Ұлытау облысы прокуратурасы хабарламасында.
Жер учаскелерінің кадастрлық құны 86,5 млн теңгеден асады. Прокуратураның қадағалау актісіне сәйкес уәкілетті орган жерді мемлекетке қайтарды, кінәлілер жауапқа тартылды.
Жезқазғанда қоғамдық орынды ластағандарға бақылау күшейгенін жазған болатынбыз.