«13 жастағы қыздың жоғалуы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жедел іздестіру тобы құрылды. Оған криминалдық және жергілікті полиция қызметкерлері кірді. Іздеу шараларына сонымен бірге, әскерилер, білім бөлімінің қызметкерлері мен еріктілер қосылды», - делінген хабарламада.
13 жастағы Лия Бейдель 4 сәуірде үйінен мектепке шығып, қайта оралмаған. Келесі күні ата-анасы оның жоғалғанын полицияға хабарлаған.
Полицейлер көпшіліктің көмегін сұрап отыр. Қызға қатысты қандай да бір мәліметті білетіндер болса 8 (7102) 76-15-53,76-33-99, факс 76-33-99 немесе 102 телефондары арқылы хабарлауына болады.
«Бейдель Лия Васильевна, 13.09.2002 жылы туған.
Сырт пішіні: бойы 160-165 см, арықтау, шашы ақ сары, көзі қоңырқайлау (темные), қыр мұрнды, жұқа ернді.
Киген киімі: қара түсті былғары күртке, ақ түсті жеңіл жейде, көк түсті джинс шалбары, табаны ақ қара түсті кеды», - делінген хабарламада.