«Әлеуметтік желілерде тараған Ж.Ахмадиевтің жезөкшелікпен айналысатын қыздарды қамшымен сабауына қатысты видеоролик - арнайы қойылым. Жеңіл жүрісті қыздардың рөлінде оның әйелі мен таныстары болған. Мұндай жағдайда Ахмадиевтің іс-әрекетінде ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері жоқ», - деді ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде Жан Ахмадиевтің көшеде жезөкшелікпен айналысып жүрген үш қызды қамшымен сабағаны туралы видеоролик әлеуметтік желіде тарап, қоғам тарабынан қызу талқыға түскен еді.