Ақжан – өте сирек кездесетін қылаңбоз түсті жылқы. Ғанатлы және Табыс деген түрікменнің таза қанды ақалтекесінен туған. Мұндай қылаңбоз түкті жылқы Ақалтеке тұқымының өз ішінде 3 пайызға жетпейді.
Сол себепті әлемде де, әлеуметтік желіде де Ақжанның даңқы кең тарады.
Дала төсіндегі видеоны 2 миллионнан астам оқырманы бар танымал блогер Дастан Мұхаметрахым парақшасында жариялады.
– Жасанды интеллектіден жақсырақ. Себебі бұл шынайы, – деп жазылған бейнекадрда.
Түсірілім жұмыстары Астана қаласының маңында өткен.
– Тұлпарды алғаш болып табиғатқа шығарып, дронға түсірдік. Президентіміздің сенімімен сүйікті тұлпарын түсіру маған бұйырған екен, – деп жазды Дастан Мұхаметрахым Instagram парақшасында.
Осыған дейін «Ақжан — Ұлы даланың мәдени феномені» деген тақырыппен материал жариялаған едік.