Еуропа чемпионатында Испания мен Франция құрамалары бірінші жартылай финалда кездессе, бір күннен кейін Нидерландпен Англия екінші финалисті анықтайды.
Opta-ның есептеуінше, «қызғалдақ елі» құрамасының жеңіске жету ықтималдығы 16,23% деп есептеп отыр. Бұл – ең төмен көрсеткіш. Англияның жеңіске жету мүмкіндігін 22,98% деп бағалады. Фавориттер – Испания (30,3%) мен Франция (30,49%).
Америка кубогына келетін болсақ, онда футбол жанкүйерлерін Аргентина – Канада және Уругвай – Колумбия арасындағы жартылай финалдық кездесулер күтіп тұр.
Канада Солтүстік Американың жалғыз өкілі және оның жеңіске жету мүмкіндігі 3,86% ғана деп бағаланды. Колумбия (16,73%) мен Уругвайда (27,6%) турнирді жеңіп алу мүмкіндігі «үйеңкі жапырақ елінің» құрамасына қарағанда әлдеқайда көп.
Қазіргі әлем чемпионы Аргентина Америка кубогы басталмай тұрып-ақ аталған турнирдің басты фавориті саналған. Лионель Месси бастаған құраманың жеңіске жету мүмкіндігі – 51,81%.
Еске сала кетейік, Колумбия мен Аргентина құрамаларының Америка кубогының ширек финалына шыққанын жазған едік.