«Жібек жолы-2017» бұрынғыдай Ресей, Қазақстан және Қытай аумағынан жүріп өтеді. Сайыс 2017 жылы 7 шілдеде Мәскеудегі Қызыл алаңда басталады. Ралли-рейд қатысушылары 2 апта бойы жолсыз жермен тартысты жарысқа түседі.
«Жібек жолы-2017» ралли-рейдінің мәресі 22 шілде күні Сиань қаласында болады деп жоспарланған. Бұл қала ежелгі Қытай өркениетінің бесігі болуымен танымал.
«Жібек жолы-2017» ралли-рейдінің дирекциясын әдеттегідей танымал ресейлік автошабандоз Владимир Чагин басқарады. Ол кезінде Дакар ралли-марафонына жарыс КамАЗ-дармен қатысқан.
«Жібек жолы-2017» ралли-рейдіне өтінімдер 2017 жылдың 10 қаңтарынан бастап қабылданады. Соңғы өтінім қабылдау күні - 1 маусым.