"Форум 13 және 15 қыркүйек аралығында Мәскеуде өтеді", - деді ол.
У Цзенің сөзіне қарағанда, алқалы жиынға 14 елдің ресми тұлғалары, мұражайлар, кітапханалар мен театрлар директорлары, ғалымдар мен мәдени қайраткерлер қатысады. Олардың ішінде Қазақстан, Қытай, Моңғолия, Пәкістан, Ресей жәнеТүркия өкілдері болады.
Жібек жолының халықаралық мәдени форумы мәдениет саласындағы халықаралық байланыстарға арналған мемлекеттік емес платформа болып табылады.
Форумның алғашқы отырысы 2014 жылдың желтоқсанында Астана қаласында өткен болатын.