Өңірге арнайы келген кандидат Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде кездесу өткізді. Жиынға универсеттің басшылары мен оқытушы құрамы, студенттер, ЖОО белсенділері қатысты. Кездесу барысында оқу ордасында білім алған мамандардың жұмыспен қамтамасыз етілуі талқыға салынды.
Қандидат Жигули Дайрабаев «Жайық Ет» кәсіпорнына барып, еңбек ұжымымен кездесті. Мекеме басшылығымен өндіріс көлемін арттыру шараларын несиелендіру жайы талқыланды.
Бұған дейін кандидат Маңғыстау облысының өндіріс ошақтарын аралаған болатын.