Жыл басынан бері 935 мыңнан астам қазақстандық демалысын Өзбекстанда өткізген

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Алғашқы төрт айда Өзбекстанға 4 миллионнан астам шетелдік турист саяхаттап келді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі.

Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

Өзбекстан Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, 4 айда шетелдік туристердің саны 29,9%-ға өсті. Саяхатшылардың көбі Қырғызстан (1,14 млн адам), Тәжікстан (965,4 мың адам) және Қазақстаннан (935 мың адам) келген.

Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

Сондай-ақ, Ресей (341,8 мың адам), Ауғанстан (161,5 мың адам) және Қытай (132,2 мың адам) азаматтарының үлесі басым.

Комитеттің мәліметінше, саяхатшылардың көбі Ташкент, Самарқанд, Бұхара және Хиуа қалаларының көрікті жерлерін аралаған.

Қоса кетсек, таяуда Өзбекстан Мемлекеттік кеден комитетінің Стратегиялық жоспарлау және кедендік рәсімдерді оңтайландыру басқармасының бастығы Фарход Олимжонов Kazinform агенттігіне сұхбат беріп, саяхатшылар қаперде ұстауы тиіс ережелерді айтқан еді.

Сондай-ақ, биыл наурызда Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан «Атамекен — Сырдария» кедендік бақылау бекеті жөндеуден кейін қайта ашылды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Centrum Air әуе компаниясының ұшақтары 13 маусымнан «Ташкент - Қостанай - Ташкент» бағыты бойынша рейс орындай бастайды.