Жыл басынан бері елімізде 20 мыңнан астам заңсыз шетелдік интернет-ресурс анықталды - ІІМ

Көбіне жасөспірімдер интернетте танысып, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы хат алмасқаннан кейін жыныстық қылмыстың құрбаны болады. Бұл туралы ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Kazinform

«Тағы бір мәселе - виртуалды танысу. Көбіне қылмыстық іс материалдарына сәйкес, жасөспірімдер интернетте танысып, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы хат алмасқаннан кейін жыныстық қылмыстың құрбаны болады. Министрлік құзыреті шеңберінде интернет желісінде құқыққа қайшы контенттер анықталып жатыр. Әлеуметтік желілердің, өңірлік қауымдастықтардың, топтардың, танысу сайттарына мониторинг жүргізіледі. Олар балаларға қатысты қылмыс жасаудың алғышарты», - деді Қайсар Сұлтанбаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жыл басынан бері заңсыз мазмұны бар 20 мыңнан астам шетелдік интернет-ресурстар анықталды.

Материалдар Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Киберқадағалау» ақпараттық жүйесіне жіберілді.